Туған әдебиет тағдыры

ӨМIРЛIК СЫРЛАСЫМЫЗ – КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ оны оқуға ықылас бүгiн неге бәсең?

Көркем әдебиетке құштарлықтың мүлдем бәсеңсiп кеткенi жөнiндегi әңгiменi құлақ жиi шалатын болды. Тiптi, кiтапқа құмар бұрынғылардың өздерiнiң де бүгiнде оған баяғыдай  әуестiгi байқала бермейдi. Ал, жастардың көбiсi әдеби дүние қарамақ түгiлi, қолдарына да ұстамайтынын өзiмiз де күнделiктi  көрiп-бiлiп жүрмiз. 
Есiмдерi елге белгiлi бiрнеше сөз зергерiнiң әртүрлi ақпарат құралдарына берген сұхбаттарынан «шығармаларымызды өзгенi былай қойғанда, өз үрiм-бұтағымыз да оқымайтын трагедияға жеттiк» деп түңiлгендей шарасыз қынжылыстарын баспасөзден, телеарналардан байқадық.