Сені іздеп жүрмін

ДАР

скачанные файлы

Қуандық ТҮМЕНБАЙ

Екі сыныптасым дарға асылды. Он тоғызыншы ғасырда декабристерді дарға асса, олар өздерін өздері мерт қылды. Әуелі Көркембай өмірге ерегісіп, әкесіне қырын қарады. Өзі есепке жүйрік еді, арифметикадан бастап, алгебраны жаңғақша шағатын. Бала-шаға, қыз-қырқынның есебін түгел шығарып беріп, ешкімнің көңілін қалдырмайтын. Ол өлгеннен кейін, шешесі бізді көрсе солқылдап, бетін басып қоя беретін болды. «Әкесі құртты, әкесі құртты ғой» дейтін еңіреп. Мұрны пұшық, бет-аузы бұжыр-бұжыр қотыр әйел көріксіз кейпін алақанымен түгел сүртіп, көшеде бізді көрсе Көркембайды көргендей егіліп тұрып алатын.
Сәмбі талдың астында таң алдында тілі салбырап асылып тұр, дейді.

Қоңыр кеште кездестірген қоңырым (Асыл жарым Абдолланың рухымен сырласу)

1

Мен сені жайдары жаздың сары күзге ауысар соңғы кешінде кездестіріп едім. Бәрі де көз алдымда, күні кеше ғана болғандай…     

Ақселеу туралы аңыз

Ақселеу_Сейдімбек

Саналы ғұмырын қазақ сахарасын зерттеуге арнап, ұлтының жоғын түгендеген Ақселеу Сейдімбек енді біздің ортамызға қайта оралмайды. Бірақ өзі болмағанмен, сөзі қалды. Өшпес, өлмес мұрасы қалды. Соған  шүкір етеміз.
«Асқар тау алыстаған сайын зорая түседі» деген тәмсіл бар. Ақаңның алып бейнесі күн өткен сайын зорая түсуде. Бүгінгі қазақ қоғамының көзі жеткен шындықтың бірі бұл. Өйткені Ақаңды жоқтаған, оның өнегелі өмірін айтқан адамдар күн өткен сайын көбейіп келеді. Біз бүгін іні лебізін оқырманға ұсынып отырмыз.

Мөлтек әңгімелер

Сейткул

Сейтқұл ОСПАНОВ

Алпыстың асқарына жете алмаған қайран жастық. Сейтқұл бұны өлеңінен де, әңгімесінен де көзге көрсетіп, өмірдің бір бөлшегін қолмен ұстағандай болады. Ол бала жанды еді. Мөлтек әңгімелері оның нәзік жүрегінің жаратылысынан сыр шерткендей. 
Кәне, соған куә болайықшы.

Мәскеу. Тверь бульвары. 25-ші үй. мұнда әйгілі Әдебиет институты орналасқан еді

Tymenbai K
В начале было Слово.
Позже возник Литинститут.
Единственный в мире, до сих пор,
Его придумал Горький.
                             Валерий Михайлов

Әдебиет институты дегеніміз – сол кездегі бір сырлы әлем, кеңестік құрылысты ұстап тұрған идеологияның тамырлы тармағы – әдебиеттің қайнаған қара қазаны секілді көрінетін. Оның атын естігеніміз болмаса, ауласына бас сұғамыз деп ойлаған да емеспіз. 1933 жылы Максим Горький ықпалымен құрылған Одақтағы әдебиет шеберлерінің шынайы шеберханасында Олжас Сүлейменов оқып жүріп, пәнәйі себеппен шығып кетіп, «Адамға табын, Жер, енді!» шығармасы дүниені дүр сілкіндіріп жатқанда қайта шақырған оқу орнының ректорына: «Сенімдеріңізге рахмет, ақын боп қалыптасып келе жатырмын», деп жеделхат жіберіпті дегенді де естігенбіз. Жиырма екі жасында Жазушылар одағының мүшелігіне өткен Евгений Евтушенко сонда оқыпты дегенде, алыс арманның жалт еткен желкені көз алдымызда елес боп көлбең ете қалатын.

Ержан БЕЛҒОЗИЕВ – сазгер, әнші: «Тойдың әні тойда ғана айтылуы керек»

Belgoziev E
–Ержан аға, қазақ тыңдармандарына сіздің әндеріңіз етене таныс. Ең алғашқы әніңізді есіңізге түсіріңізші. Қандай әсермен туып еді?
–Алғашқы әнімді мектепте жүргенде жаздым. 7-8 класта 1-2 ән жазған болдым, бірақ сазгер болам деп тіпті ойлаған жоқпын. Негізі ақындар да, сазгерлер де алғашқы өлеңдерін, әндерін махаббатқа арнап жазады. Мен де 10 класта оқып жүрген кезімде бір қызға ғашық болып, сол қызға арнап ән жазғам, сөзін де өзім жазғам. Қазір ойлап қарасам, сөзі де, әні де жап-жақсы. Ол ән әлі есімде. Бірақ жарыққа шыққан жоқ. Қолымнан гитара түспейтін,  өлеңді аз айтып, тек гитара тартатынмын.  Мүмкіндігімше уақытымның бәрін гитараға арнайтынмын. Жалпы алғашқы сезімге, махаббатқа байланысты жазған әнім 10 клас-тан басталды деп айтсам болады. Студент кезде, одан кейін де біраз әндер туды. 

АҚЫН ТҰНШЫҚҚАН АУА (Ардақ Нұрғазыұлының өлеңдері жайлы біраз сөз)

Мадетбек БАЛҒАБЕКҰЛЫ

Медетбек БАЛҒАБЕКҰЛЫ

Ақын, әдебиеттанушы, 1976 жылы Қытайда туған. Шанхай педагогика университетінің түлегі. Қытай басылымдарында жүзге тарта өлеңдері, оннан артық әдеби сын мақалалары жарық көрген. 

Қазақ футболының аңызына айналған 168 ойын

АМАНЖОЛ К 001
Қорғанбек АМАНЖОЛ
Қорғанбек Ғалымтайұлы Аманжол 1953 жылдың 8 қарашасында бұрынғы Көкшетау облысы Зеренді ауданының Көктерек ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1974 жылдың ақпанында Зеренді аудандық «Коммунизм таңы» газетінде тілшіліктен бастаған. Қазір республикалық «Егемен Қазақстан» газетін Алматы бөлімшесінің жетекшісі. Көкшетау облысы, Зеренді ауданының құрметті азаматы. Республикалық жыр мүшәйраларында жүлделі болып жүр.