Жаңа кітап

Бар жазығым – илікпейтін асаумын

Бозқараған үміттер бүр жарыпты.
Жапырақтың бетінде жыр қалыпты.
Диуанаға бәрі өлең боп көрінер,
Сау адамға бәрі де бір қалыпты.

Ақынның екінші жыр жинағының тұсауы кесілді

IMG_2385

«…Толқыса көңілім
Төңірек тегіс райланып,
Жадырап өңім,
Жаныма жалау байланып.
Дөңгелей берем,
Дөңгелей берем дамылсыз
Табанымда жер,
Төбемде аспан айналып…»

Гүлімай Қуанышеваның ойлы  өлеңдері  табиғи, терең де нәзік сезімдермен қабат өрілген. Сезім түйсіктерін де өзінше айтуға талпынатыны қуантады. Гүлімайдың алғашқы  өлеңдері  облыстық, республикалық газет-журнал беттерінде жарияланып келді. Ақынның   алғашқы жыр жинағы 2011 жылы    «Ай қызы-арман» деген  атпен  жарық көрді. 

Өлең деген өмірдің өзі (Ырысбек ДӘБЕЙ. «Шық тұнған жолдар» – өлеңдер жинағы. «Ан-Арыс» баспасы, 2013 ж.)

Rusbek D

Ырысбек Дәбейдің «Қазақ әдебиеті» газетіне шығып тұратын қысқа әңгіме, эсселерін оқығанымда ішкі дүниемнің қатпарында көптен бері қозғаусыз жатқан асыл бір дүниемді қайта тапқандай ма, әлде көптен бері көрмеген бауырыммен жүздескендей ме, әйтеуір бір ішкі байланыс, бауырға тарту, жақындық сезімі пайда болған. Осы баланың сырттай тілектесіне айналып, не жазса да шұқшия оқитын болдым.

Оқу-әдістемелік құрал

Таяуда «Арыс» баспасынан жарық көрген «Салт-дәстүр және қазақ тілін оқыту» оқу-әдістемелік құралының әсіресе жас буын үшін ерекше еңбек екендігін баса айтқан жөн. Авторлары – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Бектұр Төлеуғалиев пен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әділет Қабылов. 
Авторлардың айтуынша: «Оқу-әдістемелік құрал екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге байланысты толғамдар мен оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін танымдық деректер берілген. Ал екінші бөлім қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясын оқыту әдістемесіне арналған. 5-сыныптың оқу бағдарламасына сәйкес жеке тақырыптарды оқытудың жолдары қарастырылады. Осы бөлімде сол тақырыптарға байланысты оқу материалдары да ұсынылады». 
Бұл оқу құралын мұғалімдер мен оқушылар ғана емес, қалың көпшілік те өз қажетіне жаратуға болады. Өйткені біздің «білетініміз бір тоғыз, білмейтініміз тоқсан тоғыз». Оқыңыз, соған көзіңіз жетеді. 
                                                                                        Найманғазы ОРАЗБАЕВ, 
                                                                                        Алматы қаласындағы
                                                                                        №141 мектептің мұғалімі