Жан әлемі

Бір қараңғы, бір жарық

photo_72709

Жарас Сәрсек,

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

***

Біз бабалардан қалған даналық сөздерді бағыт-бағдар ретінде қабылдап, алдымызға қора-қора қой, үйір-үйір жылқы салып келмесек те, осы күнге әйтеуір әупірімдеп жеткен елміз. 

Не ойласам екен…

b0cf19d073c061d7ff0b748d3fc11b8a

Мақпал СЕМБАЙ 

Алматы қаласының тұрғыны. Журналымыздың тұрақты авторы. Оқырманға оның ойтолғақтары мен әңгімелері жақсы таныс. 
Бүгінде  Алматы  қаласындағы  Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда мұғалім. 

Өлмейтін үміт ғана..(Үзік ойлар)

b0cf19d073c061d7ff0b748d3fc11b8a

Мақпал СЕМБАЙ 

Алматы қаласының тұрғыны. Журналымыздың тұрақты авторы. Оқырманға оның ойтолғақтары мен әңгімелері жақсы таныс. 
Бүгінде  Алматы  қаласындағы  Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда мұғалім. 

*** 
Кейде бақыт, жақсылық газға қойған шәугім сияқты. Шәй ішкіміз келіп, қайнауын күтеміз. Бірақ от қоюды ұмытып кетеміз…

Жастар журналист болуға құштар емес. Неге?

image001

Мәрлен  ҒИЛЫМХАНОВ 
1998 жылдың 4-наурызында Орал қаласында дүниеге келген. Жаңақала орта жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.  Оқуда озат. Қоғамдық жұмыстарды белсене атқарады. Жаңалыққа, өнерге жаны құмар талантты оқушы. Аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Кәуап

Көптен күткен жадыраған жаздың күні шуағын жерге шаша салысымен, Әлібек деген досымыздың 26-шы туған күнін (екінші маусым) атап өттік. Туған күнді оның жақын жора-жолдастарымен табиғат аясында, Астана қаласы Есіл өзенінің бір сағасының жағалауында өткіземіз деп шештік.  Ес кіргелі суы мол, асқар таулы Алматыда өсіп-тұрып келдім және де одан шалғай жерге баруым өте сирек болды. Содан болар «Құдай-ай, құр далада тұрған Астанада табиғатқа шығатын жер бар екен-ау» деп таңдандым.  Алайда межелі жерге жетіп, көліктен түскенімде көз  алдымда пайда болған тамаша суретті көріп аң-таң болдым.

Жауапсыз махаббат (Қыз күнделігінен)

Aikerim

Сезіммен тілдесу үшін кеудемде тынбай соққан жұдырықтай жүрегімнің  дүрсіліне құлақ салдым. Дүрс-дүрс еткен оның екпіні бойыма әлдебір сазды әуенді естіртетіндей-ақ. Үніне ұзақ тамсанып отырдым. Бір сәтке ол маған кіршіксіз таза, еш мінсіз болып көрініп еді. Бірақ әсем әуен біртіндеп үзіліп, соңынан мұңға толған сазды әуез басым түсті. Өмірмен біте қайнасқан мәңгілік мызғымас заңына айналған, онысыз өмір мәнсіз деп бағаланатын құбылыс- махаббат атты ұлы сезім емес пе? Сол ұлылықты менің де басымнан өткеруіме тағдыр өзі себепші болды. Сырға толы махаббат хикаясын мен күнделік етіп жазуды ұйғардым.

Қайран қазағым-ай!..

Жексенбі күні болатын. Әдеттегідей үйге қайтуға аялдамада автобус күтіп тұрмын. Жан-жағымда ығы-жығы адамдар. Құды барлығы бір жаққа асығып бара жатқандай. Мен күткен №45 автобус көрінбеді. Бір кезде іші жолаушыға толы №105 автобус келіп тоқтады. Ішінен шыққан кондуктор «Абая,  Правда, Сайран» деп орысша сайрай жөнелді. Күткен автобусым келер емес. Неде болса «тәуекел» деп №105 автобусқа жақындай бергенім сол екен, кондуктор «бол, тез» деп  итеріп ішке кіргізіп жіберді. Бұл қылығына іштей ренжісем де, көңіл аудармауға тырыстым. Жүк тиеген машина сияқты, адам лық толы. Ине шаншитын жер жоқ. Орын таппай қиналып тұрған жүкті әйел мен қарт кісіні аяп кеттім. 

Бойдың биіктеуі – ойдың биіктеуі емес

Бойдың биіктеуі – ойдың биіктеуі емес
Мақпал Мамытбай, 
Алматы қаласындағы Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда мұғалім. 
 
 …Күзгі бақтан терілген ақ раушан гүлінің күлтесінің ауада қалықтаған дыбысын қылқалам етіп, дәл сол ақ раушан гүлінің тамшысынан жасалған бояумен салынған, жиегі сол бір ақ раушан жапырақтарымен өрнектелген, көздің жақұтын алар, ақ раушан гүлінің нұрынан күнге шағылысқан анашымның бейнесі салынған әдемі суретті қалаймын…