Ақпарат

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үндеуі

по-выборам-25.02.15-900x705

Құрметті қазақстандықтар!

Ел ішінде биыл кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мәселесі қызу талқылануда. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі көтерген бастамаға қоғам өкілдері жан-жақты пікір білдіруде. Парламент депутаттары мен саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары өз пікірлерін айтты. Маған күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген хаттар келуде. Барша жұрт кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасына қызу қолдау білдіруде.

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖАРЛЫҒЫ

20140412143354

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ETEMIH:

ҚХА жылы — барлық 17 млн. қазақстандықтың ортақ ісі — Н.Назарбаев

NNazarbaeb

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы рәсімінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президенті — ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді.

"Біз осы бір жылды өміріміздегі ең маңызды құндылықтар: Тәуелсіздік, еркіндік, бірлік, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісіміне арнайтын боламыз. 20 жыл ішінде ҚХА шын мәнінде жалпыхалықтық, жалпыазаматтық, саясатүсті орган болып қалыптасты, Конституциялық дәрежеге жетті", — делінген құттықтауда. 

Елбасының жазуынша, бүгінде ҚХА — жалпыхалықтық өкілеттіліктің институтына, азаматтық қоғамның авангардына айналды.

"Сондықтан ҚХА жылы — біздің ортақ мерекеміз, барлық 17 млн. қазақстандықтың ортақ ісі, әрбір азамат еліміздегі бейбітшілік пен туған жеріміздегі келісім алдындағы жауапкершілігін толық сезінуі тиіс", — дейді Елбасы

Корейлер қазақ халқының жақсылығын еш уақытта ұмытпайды — А.Ким, БҚО

Korya

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Корейлер қазақ халқының жақсылығын еш уақытта ұмытпайды. Бұл туралы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің экономика және бизнес факультетінде студент жастармен өткен кездесуде БҚО корейлері қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары Анатолий Ким мәлім етті.

А.Кимнің айтуынша, мұның сыры мынада. 1937 жылы тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Сол жылдың тамыз-қыркүйек айларында күштеп қоныстандыру туралы құжаттарға қол қойылғаны тарихтан белгілі. 124 эшелонға тиелген екі жүз мыңдай халық санаулы күндердің ішінде өз елінен жыраққа аттандырылды. Сол алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Ал Ақ Жайықтағы корейлердің тарихы 1937 жылдың қараша айының 5-нен бастап жазылды. Тілді, салт-дәстүрді, мәдениетті білмеу көптеген қиыншылық туғызғаны айдан анық. Бірақ құшағын тосқан қазақ жарым көңіл корейлерді өз туғанындай қарсы алды. Аузынан жырып азығын, баспанасын берсе, екі қолға бір күрек болар жұмысты да ұсынды. Еңбек құралдарымен қамтып, ортаға сіңісіп кетуге бар жағдайды жасады.

«Менің ойымша, қос халықты еңбекке құлшыныс, өнерге деген махаббат, поэзия және философия секілді құндылықтар ажырамас ағайын етті. Корей халқының Қазақстанға қоныстанғанына 75 жыл толуына орай бірлестігіміз Орал қаласында «Қазақ халқына мың алғыс» атты монументін тұрғызды. Бұл 1937 жылы қиын-қыстау заманда таршылық өмір сүрсе де, корейлерді бауырына басып, бір үзім нанымен бөліскен қазақ халқына деген құрметімізді білдіреді. Бүгін республикамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы салтанатты түрде басталды. Көп ұлт өкілдері тамырын тереңге жайған елімізде ынтымақтың нығайып, береке-бірлігіміздің беки түсуіне бәріміз де күш салуымыз керек», деді А.Ким.

Аталмыш кездесуде факультет деканы Раушан Ғабдуалиева қос халықтың ұқсас қасиеттеріне де тоқталды. Мәселен, үлкенді сыйлап, алдын кесіп өтпеу, сөзін жерге тастамау корейлерге де тән. Студенттер корей халқының тыныс-тіршілігімен танысып, біраз мағлұмат алды.

Ассамблея жылы аясында университетте ҚХА мен Ата заңымыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар бұдан былай да жалғасын таппақ.

Айта кетейік, БҚО корейлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Пактың мәлім еткеніндей, Елбасымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында берген тапсырмаларын орындауға аталған бірлестік те атсалысып, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді. Мәселен, 2014 жылы Ақсай қаласының алты мектебінде «КИД» интернационалдық достық клубы ашылды. Сондай-ақ бірлестік Ақсайдың екі жеке мекемесінде қоғамдық келісім кеңестерін ұйымдастырды. Жыл соңында Бөрлі ауданында Орынбор облысы Елек ауданы мен Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы делегацияларының қатысуымен достық фестивалі өткізілді. Ассамблея жылы аясында корейлер «20 ізгі іс» шарасына қатысып, «Болашаққа көзқарас» жобасын жүзеге асырмақшы. Ол мүгедектерді әлеуметтік сауықтыру және қоғамға белсенді араластыруға арналмақшы. 

1

Халықтың бейбітшілігі мен тыныштығы — Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының нәтижесі — Х.Маслов

Logotip1

АСТАНА. ҚазАқпарат — Халықтың бейбітшілігі мен тыныштығы — Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысының нәтижесі. Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының қызметкері Халил Маслов өз пікірімен бөлісті, деп хабарлады Атсана қаласы әкімінің ресми сайты.

Бүгінде ұлысаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісі еліміздің төлқұжатына айналды. Бұл республикамызға мәдениеттер жақындауының онжылдығын өткізуге бастамашы болуға мүмкіндік берді.

Халық бірлігі — мемлекеттің даму жолында алға қойған мақсаттарына жетуге тұрақты қозғалысты сақтап тұратын басты фактор.

Сонымен қатар, 2010 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Халық бірлігі доктринасына айналған ұлттық идея да біріктіруші қызмет атқарады. Ол басты үш принципке негізделген. Бірінші принцип — «Бір ел — бір тағдыр», әрбір азамат пен оның Отаны — Қазақстан Республикасының тағдырының біртұтастығын түсінуге негізделген. Біздің ұлттық бірлігіміз, этникалық шығу тегімізге қарамастан, өзімізді Қазақстанмен және оның болашағымен байланыстыруға негізделеді.

Доктринаның екінші принципі — «Әр түрлі тектен шығу — тең мүмкіндіктер» — барлық азаматтардың этникалық шығу тегіне, сеніміне және әлеуметтік жағдайына қарамастан мүмкіндіктері бірдей екенін білдіреді.

Үшінші принцип  «Ұлттық рухтың дамуы» — қазіргі заманда әлемде біздің бірлігімізді берік қылатын, қоғамның рухани негізі болып табылатын ұлттық құндылықтарға (тіл мен мәдениетті құрметтеу, отбасы, ұрпақтар байланысы, отансүйгіштік пен толеранттылық) сүйенудің қажеттігіне назар аударады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедрасында көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА депутаттық тобының мүшелері Жұматай Әлиев және Юрий Тимощенко, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев және тағы басқа көрнекті қоғам қайраткерлерінің дәрістері ұйымдастырылады.

Ассамблеяның мерейтойы еліміздегі бірлік пен келісімді сақтау үшін аталмыш қоғамдық институттың зор әлеуетін пайдалануға және жаңа мақсаттарды айқындауға бірегей мүмкіндік береді.

Ербол Иденов «Даму» қорының Батыс Қазақстандағы филиалының директоры болып тағайындалды

Isikeshev A

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кадрлық саясат бойынша комитетінің шешімімен Батыс Қазақстан облысындағы аймақтық филиалының директоры қызметіне Ербол Иденов тағайындалды.

Қордың БҚО-ғы аймақтық филиалының бұған дейінгі директоры Игорь Стексов жақында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.

Ербол Иденов бұған дейін Нұрбанкте корпоративтік бизнес департаментінің директоры қызметін атқарған. Қаңтар айында ол «Даму» қорының БҚО-ғы филиалы директорының бос орны байқауынан сүрінбей өтті.

Байқауға Оралдағы банк филиалдарының директорлары қызметтерін атқарған үш адам, сондай-ақ «Даму» қоры жүйесінің екі бас менеджері қатысты.

Халық банкі, БТА, Жинақбанкі және Нұрбанкте еңбек еткен Е.Иденовтың жұмыс тәжірибесі  мол, деп хабарлайды «Даму» КДҚ-ның баспасөз қызметінен. 

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туы көтерілді

Assambleya
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматыдағы Достық үйінде өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туы салтанатты түрде көтерілді.

Мәдени шараға қалалық мәслихат депутаттары, этно-мәдени ұйымдардың басшылары, қала әкімі Ахметжан Есімов, қала тұрғындары, БАҚ өкілдері, жастар қатысты.

«Қазақстан халқы Ассмаблеясы жылының басталуы» синхрон-акциясы бір мезетте Астана, Алматы және өзге де өңірлерде өткенін атап өтуіміз керек.

Қала әкімі Ахметжан Есімов тұрғындарды мерекемен құттықтай отырып, Мемлекет басшысының құттықтау хатын жеткізді:

«Қымбаты отандастар, бүгін елімізде менің Жарлығыммен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ресми ашылып, басталды. Жыл ортақ құндылықтарымыз — тәуелсіздік, егемендік, бірлік, бейбітшілік пен  келісімді сақтауға арналған. Осыдан 20 жыл бұрын 1995 жылдың наурызында қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей институт құру туралы  Жарлыққа қол қойдым. Осы уақыт аралығында Ассамблея шынайы, жалпы халықтық, азаматтық, саяси мүдделерден жоғары тұрған ұйым ретінде танылды. Конституциялық мәртебеге ие болды. Бүгін ҚХА еліміздегі бар ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астында топтастыратын маңызды құрылымға айналды. Ассамблея жылы — 17 млн қазақстандықтың ортақ мерекесі. Еліміздің әр азаматы бейбітшілік пен келісімді сақтауға жауапты екенін сезінуі керек. Биыл «Қазақстан 2050» стратегиясындағы мақсаттарға жеткізген нақты істер мен жетістіктер жылы болады. Біз «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» деп аталатын Жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін іске асыруға тырыстық. Ассамблея жылы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы сияқты оқиғаларға толы. Бұл жыл ортақ тағдыр мәңгілікке біріктірген, халық бірлігін паш ететін жыл. Басты идеясы менің елім — мәңгілік ел. Ассамблея жылының басталуымен құттықтаймын», — деді қала әкімі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған құттықтауын оқи отырып.

Бүгін Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы жылының Туы салтанатты түрде көтерілді.

Ассамлея жылы туын  көтеруге Олимпиада чемпиондары Владимир Смирнов пен Майя Манеза, әлем чемпионы Назым Қызайбай шақырылды.

Мәдени шара халық бірлігін нығайту, Мемлекет басшысының саясаты мен идеясы төңірегінде бірігу, «Қазақстан-2050» стратегиясындағы, 2020 жылға дейінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасындағы   мақсаттарға жету, «бір ел — бір халық» мемлекеттік принципін жүзеге асыруға бағытталған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялаған болатын.

Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды.

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті.

2014 жылдың 18 сәуірінде Ассамблеяның XXI сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады.

Д.Назарбаева Берлинде «Болашақ» стипендиясы иегерлерімен кездесті

Nazarbaeva Dariga

АСТАНА. ҚазАқпарат -  29 қаңтарда Берлинде ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары — Қазақстан кандидатурасын  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне жылжыту мәселелері жөніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілі Дариға Назарбаева «Болашақ» мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті. 

Бұл туралы ГФР-дағы ҚР елшілігінен хабарлады.

Сұхбат бейресми түрде өтіп, соның барысында Д.Назарбаева болашақ мамандарды Қазақстандағы өзекті жастар саясатының көрнісі, еңбек нарығы және жас мамандар үшін мемлекетік қолдау шаралары туралы хабардар етті. Кездесу кезінде Елбасы дайындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының тұрғысынан біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани түрлену үдерісіндегі болашақ ұрпақтың рөлі ерекше орын алды.

Өз кезегінде, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алушылар Германияның жоғары үздік оқу орындарында білім алуға жол ашқан мемлекетке  алғыстарын айтып, алған білімді Отанға қызмет етуге пайдаланатындықтарын білдірді.

2741645