Бас редактор бағаны

Таралым деген тауқымет… (көзбояуы жоқ көріністер)

Қуандық Түменбай

Қуандық ТҮМЕНБАЙ

Сарша тамыздың сәнi кетiп, қыркүйек қылаң берiп, жапырақ бiткен сарғыш түске бояла бастағанда газет-журнал редакцияларында да бiр әбiгер басталады. Тiл ұшына таралым (тираж) деген тобықтай түйiн оралып, «Былтыр қалай едiк, биыл қалай болар екенбiз?» деген әңгiмелер жиi айтылып қалады. Тiптi, бiр партия ел билеп, нан қымбаттағалы былтырғымыздан айрылып қалмасақ екен деген күдiк БАҚ басшыларының жүрегiн зуылдатып, әбiгерге салатын сәттерi де аз емес. Сосын қазанның қара желi басталғанда өкпек желдiң өтiнде әркiм таныс-бiлiсiн сағалап, тамырын басып, таралым жайын таразылауға шабаданын қолға ұстап жолға шығады. Мұндайда әркiм «өз туған жерi – Мысыр шаһарын» бетке алады. Өйткенi, атамекенiңнiң адамдары «бет көрсе, жүз ұялады» деп сөзiңдi сыйлап, қолынан келгенше томсармай жылы қабақпен қарсы алып, шығарып салады.

Азанғы сәлем «Good morning!» емес – «Ассалаумағалейкүм!»

Ата сақалы аузына түскен қартты көрсең, алдын кесіп өтпей «Ассалаумағалейкүм!» деп айт» деп, әкеміз құлағымызға құйып өсірді. Солай болды да. Ақсақал білегіңнен ұстап тұрып, тани қоймаса: «Кімнің баласысың?» дейді көзін сығырайтып. «Пәленшенің». «Әкеңе сәлем айт» дейді риза боп тұрып. Біз соған мәзбіз. Біздің тілімізді сындырған да осы «Ассалаумағалейкүм!»   «Сәлемдескенде қос қолыңды созып сәлем бер, тамақты тік отырып іш, бүйіріңді таянба!». Осының бәрі «Ассалаумағалейкүм!»-нен кейінгі әдепке шақырған ата-салттың заңдары екен.

Қуандық ТҮМЕНБАЙ Шаштараз (әңгіме)

Төрт ондықты артқа тастаған Орынша тіршілікте дәл осылай алабұртып, асып-саспап еді. Елемес Рамазанұлымен ғұмырында бірінші рет беттесіп, креслоға маңғаз отырған оның қою қара шашына алғаш рет абайлап тарақ тигізіп, алақанымен уыстап ұстайтындай көңілі алып-ұшып орнына түспеді. Тіпті, үш айлық шаштараздар курсында оқып жүріп, тәжірибеден өтуге барып, бірінші «клиенттің» шашын қырт еткізіп қиғанда да жан-дүниесі бұлайша толқып, қатты қобалжымап еді. Асқазаны да қоса сыздап, кей-кейде құлағы шыңылдап, жүрек тұсы да шаншып қояды. «Не де болса айтамын. Бітті. Ол  алпыс үште. Мен қырықтамын. Ол басқа облыста, мен елімдемін. Мен де адамша өмір сүріп, түтін түтетуім керек. Ана болуым…». Осыны ойлағанда мүдіріп қалды. «Қырықтан асқандар да бала тауып жатыр ғой. Қойшы нағашымның әйелі елуден асқанда туды. Мен, бірақ, аналық мүмкіндігімнен айрылып қалған жоқ па екенмін?». Орынша үстіне қара көйлегін іліп, бетіне опа жағып, ернін шиедей ғып бояп, тым әспеттенбей-ақ қарапайым күйде кездесер жерге жетті. «Кешікпес пе екен? Кім біледі? Мен ешқашан кешікпеймін». Ол облыстық әкімшіліктің алдына келгенде қара «Джип» қасына тақау тоқтады да, есік ашылып, ішінен әкімнің көмекшісі шықты. Мінгізіп алып, таныс жолмен тартып отырды. Бұл жол тау етегіне апарады. Осыдан жиырма жыл бұрын осы жолмен алғаш жүргенде қыз боп барып, әйел боп қайтқан. Онда Елеусіз Рамазанұлы обкомның бірінші хатшысы болатын. Өзі жұмысты жаңа бастаған обкомның шаштаразы. Бір-ақ рет шашын алдырып, сақал-мұртын бастырған адамның қонаққа шақырғанына қатты таң қалды. «Бәлкім, сақал-шашын алатын болармын» деген  ә дегенде. Бірақ ондай ескерту болмады. Құрал-саймансыз құрқол шықты. Тау етегіндегі саяжай дегені – даңғарадай екі қабатты үй екен. Бірінші қабаты – кеңсе сипатты мәселе шешетін орын да, екіншісі – жатын орын, душ бөлмесі, кино залы секілді эстетикалық мәні бар құндылықтар. Бірден екінші қабатқа көтерілді. Бірінші хатшының көмекшісі шешіндіріп, киімін іліп, жаюлы дастарханға әкелді. Үшеуі ғана. Шәйді де көмекші дайындап, даяшыдан бетер зыр қағып жүр. Сып-сидам жігіт еркек басымен әйелдің тірлігін майысып мінсіз атқарады екен.

Өмір (әңгіме)

– Көшетін жеріміздің аты не екен? – дейді атам келініне қарап.

– Жалаңаш, – дейді үйрек тұмсық шәйнектен сыздықтатып шәй құйған бес биенің сабасындай келіншек.

– Апырмай, оның киімін кім сыпырып тастады екен?!

Шәй құйып отырған келіні күн жарықта емес, ымырт жабыла оқып, кешкі мектепті бітірген. Мектеп директоры қоймай кісі жіберіп, кеңес заманында әрбір азамат жалпы орта білім алуы керектігін айтып, сиыр сауып отырған жерінен алып кетіп сынақ тапсыртып, келіні аяқ астынан аттестат алған. Жағрафияға келсек, оған Жалағашыңның да, Анталияңның да қайда орналасқаны бәрібір, мәшинеге мініп, төрт дөңгелек ентігіп, жететін жеріне жеткізсе болғаны. Атам болса сауатты, КомВУЗ[i] бітіріп, көп жерлерде басшы болған, сол Қызылдың құмының ортасындағы жалға біткен жалғыз ағаштың атауын алған Жалағашта да талай тірлікті тындырып қайтқан. Келінінің орта білімін сынақтан өткізгісі келді ме екен, көшетін жерінің атауын әдейі сыздықтатып сұрап отыр, сосын бұл кісі өмірді қалжың сөзбен өрнектеудің шебері, қашан көрсең де миығы тартып, көріністен мін іздеп тұрады, балдыздары тұрмақ келіндерінің арасында да ретті жерінде құйтырқы сөзді өмірмен шендестіріп жібереді. Одан аузының дуасы аспаса кеміген жері жоқ, қайта «Ережеп солай депті» деп, жұрт жыр ғып айтып жүреді. Сегізінші Наурызда келіндерімен тырна сирақ тікбақай ыдысты соғыстырып аққайнарды тартып да жібереді, «үбірлі-шүбірлі болыңдар, етектеріңді құрғатпаңдар», – дейді ағынан жарыла ақтарылып. Келіндері бетін басып сылқылдап күлгенмен «Атамдікі дұрыс қой» дейді бір-біріне көздері жайнап, бойлары жіпсіп қарап.

Бір елде (әңгіме)

– Папа, қолыңнан түк келмейді екен ғой…

Осы сөз бәрінің ақыры болды. Мұнан әрі төзудің керегі жоқ. Кемпірі болса тілімен алдап, өткен өмірдің кедір-бұдырын айтып, тіпті бұдан да жаман кездерін көлденең тартып, тоқтатар еді. «Әй, кемпір болса да бұдан әрі шыдамас едім. Қолтықтап, шығып кетер едім».

Бір жарым бөлме (әңгіме)

Әуелі екі бөлме деп еді, олай болмай шықты. Кілтті тапсырған көкірегі аяққаптай, шалбарланып алған бәденді де бөкселі әйел қызыл жолақпен белінен бір тартылған ордер-қағазға шұқшиып: «Сіздердікі бір жарым бөлме. Екеу боп есептеледі», – деді. «Сонда екеу болғанда ауыстырып алар едік, – деп қиналды Кендебай. – Құдайдың құртқаны-ай, ә! Осындай үлгіні қояйық, бұндайда сорлайтын тек қазақ» деп қанша айттым үстімнен қарайтындарға. Көнбеді, көнгілері келмеді. «Москва бекіткен малосемейка» деп бой бермеді. Не де болса Орынбасар-Олегке ештеңе білдірмеу керек».

Көзбояуы жоқ көріністер

КТК телеарнасының сахна сыртында ха-ха-ха-лаған күлкі шығып жатқан драмалық хабарында (бұл жолғы сценарий авторы Нұртас Адамбаев) мынадай көрініс болды: ата сақалы иегін жапқан жас мұғалім тілі бұралып, қазақша сабақ өтіп тұр. Қазақша айтқан әр сөзге оқушылар мәз-мәйрам.

Жиһаз-Адам және басқалар (Әңгіме)

Өткенге шегініс жасамай берден сотқа жүгінейік.

Міне, сот тағы да кейінге қалды. Осымен екінші рет жәбірленуші Папанин келмеді. Ауруханаға түсіп қалыпты деген себебі бар. Өткен жолы алыс сапарға кеткен екен. Жұбайы Асы: «Онсыз өткізуге болмай ма, мен баланың анасымын ғой», – деп еді, сот  төрағасы: «Жәбірленушісіз сот өтпейді, сіз куә ретінде қатысасыз», – деп үзілді-кесілді тиым салды. Тұтқын торында отырған қара көйлегі кірден жыртылып кеткен қызды көргенде Асы кемсеңдеп қоя берді. Оған бес метрге дейін жақын келуге болмайды екен, алыстан көздері арбасып, көңілдері дір ете қалды. Қыз да кемсеңдеп, көңілі босай бастап еді, нәзіктіктен жұрдай жасауылдар қолтықтап апарып түрме-мәшинеге тығып жіберді.